RU

Германияда атыс болып, 8 адам қаза тапты (фото, видео)

20 ақпан күні түнде Германияның Ханау қаласында белгісіз біреулер кальян ғимаратына шабуыл жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Алдын-ала болжам бойынша, оқыс оқиғадан 8 адам қайтыс болған деп жазады РИА Новости. Бұндай ақпаратты оқиға орын алған Гессен федералды штатының тәртіп сақшылары таратқан.

Сондай-ақ, қылмыскердің бір адам болуы мүмкін екені де айтылды.

Life-тың мәліметінше, кальян ғимаратындағы атысқа қатысы болуы мүмкін күдікті ұсталған. Германия ақпарат құралдарының жазуынша, қаскөй екі адам болуы мүмкін.

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқыс оқиғадан 8 адам қаза тауып, 5 адам ауыр жараланған.

Полиция қайғылы оқиғаға қатысты әзірге нақты мәліметтер жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, қылмыскерлердің бұндай әрекетке не себепті барғаны да жұмбақ.

Hanauer Anzeiger басылымы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап жазуынша, қайтыс болғандардың арасында бір әйел адам бар.

Сондай-ақ, атыстың Курт-Шумахер-Плацта орын алғаны анықталып жатыр. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл кальян ғимараты мен букмекерлік кеңсеге жасалған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысындағы ауылда атыс болып, соның салдарынан төрт адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841825-germaniada-atys-bolyp-8-adam-kaza-tapty-faoto-video.html