RU

Иранда екі адам коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранда екі адам коронавирустан көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық комитеттің мүшесі Масуд Мардани қайтыс болғандардың Қытай азаматтарымен байланыста болмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Сәрсенбі күні екі ирандықтың коронавирустан қайтыс болғаны анықталды. Белгілісі олардың екеуі де Кум қаласының тұрғындары.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елдің басқа аймақтарында коронавирусты жұқтыру оқиғалары жайлы хабар алмағанын атап өтті.

Марданидің сөзінше, қайтыс болған ирандықтар Қытайдан келген адамдармен немесе Қытай азаматтарымен байланыста болмаған.

Оның айтуынша, көз жұмған екі адамға коронавирус көрші елден келген саяхаттаушылардың бірінен жұғуы мүмкін. Дегенмен ол вирустың нақты қайдан келгенін айта алмайтынын жеткізді.

Масуд Мардани мәліметінше, қазір жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі комитет Кумда коронавирустың қалай таралғанын анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда Таиландта демалып келген бір отбасының коронавирус күдігімен ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Тексерістен кейін олардан коронавирус инфекциясы анықталмағаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранда екі адам коронавирустан көз жұмды
Mailfire view pixel