RU

Айқын Төлепберген: Әселге жақсы азамат жолықса, бес жылдан кейін өзім ұзатамын

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген ашық сұхбат беріп, бірінші әйеліне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі алғашқы жарының тұрмысқа шығуына қарсылық танытпағанымен, әзірге ондай жағдайға дайын емес екенін жасырмады. Эстрада жұлдызы бұрынғы келіншегі жақсы азамат кезіктіріп жатса, бес жылдан кейін оның ұзатуын өзі жасап беруге ниетті деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айқын Төлепберген бірінші әйелі Әселдің бақытты болуын қалағанымен, дәл қазір оның тұрмысқа шығуына дайын емес. Әншінің сөзінше, алғашқы жарының өзі де әзірге қайтадан қалыңдық атануға асықпайды. Ол балаларының анасы махаббат мәселесіне келгенде мың ойланып, саралап барып қана шешім қабылдайтынын айтып қалды.

"Бір сұхбатымда бірінші келіншегімді басқа ер азаматтың жары болуына жол бермеймін дегенім рас. Бұл еркектік эгоизм болар. Көреміз енді, уақыт көрсетеді. Бес жылдан кейін мүмкін өзім тойын-ақ жасап беретін шығармын. Бес жылдан кейін ұзатуын өзім-ақ істеп беремін. Себебі, бақытты ана балаларын да бақытты етеді. Қанша дегенмен, анасы бақытсыз болса, балалары да бақытсыз күн кешеді. Сондықтан бәрібір көнеміз ғой.
Жақсы азамат табылып жатса, міндетті түрде біз оған келісеміз. Бірақ, әзірге кішкене балаларым өссін. Содан кейін көреміз. Бірақ, Әселдің өзі сондай, мені таңдаған кезде де ол ұзақ шешім қабылдады. Ол бір-екі жылда біреуді таба салатын адам емес. Біреуді табатын болса, өте тиянақты қарайды. Сол себепті, ол қазір болатын әңгіме емес деп ойлаймын" , - деді Айқын.

Айта кетейік, Айқын Төлепбергеннің бүгінде төрт баласы бар. Ансар мен Асылым бірінші некеден болса, Санжар мен Айяны әншіге екінші жары Жұлдыз Өмірғали сыйлаған.

Бұған дейін желіде Жұлдыз бен Айқынның көлікте бір-біріне айқайлап жатқан видеосы тарап кеткен болатын. Оқырмандар ерлі-зайыптылардың әрекетін ерсі санап, оларды сынға алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айқын Төлепберген: Әселге жақсы азамат жолықса, бес жылдан кейін өзім ұзатамын
Mailfire view pixel