RU

Икер Касильяс спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады

Португалиялық "Порту" сапында өнер көрсететін испаниялық атақты қақпашы Икер Касильяс спорттық мансабын аяқтау туралы шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Goal.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ikercasillas
Фото: Instagram/ikercasillas: Instagram

Бұл ақпаратты "Порту" президенті Жорже Нуно Пинту да Кошта да растаған.

Испаниялық қақпашы корольдік испан футбол федерациясының басшысы қызметіне барады деп күтілуде.

Касильяс "Порту" клубында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Оған дейін спортшы 17 жыл бойы мадридтік "Реалдың" намысын қорғаған әрі корольдік клубтың капитаны болды.

Қақпашы 1990–1998 жылдары "Реалдың" жасөспірімдер командасында ойнаған. Ал 1998 жылдан бері клубтың негізгі қақпашысы болды. Ол "Реал" сапында 725 матчқа қатысып, 750 гол жіберген.

Икер Касильяс чемпиондар лигасында үш рет, Испания чемпионатында бес рет, екі рет Испания кубогы мен УЕФА Суперкубогына және Испания Суперкубогына ие болған.

Айта кетейік, Икер Касильяс 2019 жылдың бірінші мамыр күні таңғы жаттығу кезінде инфаркт алып, ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал неміс аяқдопшысы Бастиан Швайнштайгердің футболмен қоштасқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841835-iker-kasilas-sporttyk-mansabyn-aaktajtynyn-habarlady.html