Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда қазақстандықтар отырған кеменің екі жолаушысы коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Жапонияда төрт қазақстандық отырған Diamond Princess кемесінің екі жолаушысы короновирустан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Жергілікті телеарнаның мәліметінше, науқастар ауруханада қайтыс болған деп жазады РИА Новости.

Көз жұмғандардың бірі 80 жастаға қария болса, екіншісі әйел адам. Бұл жолаушылар мен лайнер экипаж мүшелерінің арасындағы алғашқы қайғылы жағдай.

Соңғы деректерге сәйкес, Diamond Princess круизіндегі жолаушылар саны 3,7 мың, соның ішінде төртеуі қазақстандық. Коронавирус күдігіне 621 адам ілінсе, олардың 322-нен ауру белгілері анықталмаған.

Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар круиз коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.

Кейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріп кемеде 50 мемлекеттің азаматтары соның ішінде төрт Қазақстан азаматының бар екенін хабарлаған.

Ведомство карантиннің 19 ақпан күні аяқталатынын еске салды.

Карантин аяқталған соң, жолаушыларды кемеден шығару жұмысы басталады. Бұл жұмыс, круиздегі адамдар саны үш мыңнан асатындықтан, екі күнге жоспарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841843-zaponiada-kazakstandyktar-otyrgan-kemeni-eki-zolausysy-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel