RU

Уханьда дене қызуы жоғары Қазақстан азаматшасын ұшаққа кіргізбеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус ошағы Ухань қаласынан Қазақстан азаматын украиналық борт эвакуациялады. Алайда екінші қазақстандық қыздың дене қызуы көтеріңкі болған соң ол ұшаққа кіргізілмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

спутник

Көрнекі фото: Getty Images / Kyodo News

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматыға келген қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы да, шағымы да жоқ. Дегенмен ол бәрібір де көп салалы ауруханада 14 күн карантинде болмақ.

Ал Украина ұшағынан түсірілген екінші қазақстандық бойжеткен әзірге Қытайда қалады.

"Екінші қыздың температурсы 37 градус болғандықтан, оны кіргізбеген. Әдетте адамның температурасы көтерілген кезде қытайлық тарап осындай шара қолданады. Ол әзірге Қытайда қалады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Петропавлда Таиландта демалып келген бір отбасының коронавирус күдігімен ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Тексерістен кейін олардан коронавирус инфекциясы анықталмағаны белгілі болды.

Сондай-ақ Иран елінде коронавирус салдарынан екі адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Марқұмдар Қытай азаматтарымен байланыста болмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уханьда дене қызуы жоғары Қазақстан азаматшасын ұшаққа кіргізбеді
Mailfire view pixel