Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жезөкшелікпен айналыспадым": Нұрсейітова өзін сынға алғандарға жауап берді

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде асқан танымалдылыққа ие болған Айнұр Нұрсейітова өзіне қатысты қауесеттерге жауап беріп, елдің сан түрлі болжамына нүкте қойды. Көпшілік Instagram жұлдызын өз тәнін сату арқылы табыс табады деп сынап келуде. Оған қоса, танымал арудың сөзінше, жұртшылық оның үш мәрте тұрмыста болып, бір некесін сақтай алмағаны үшін де жиі сөгіп тұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айнұр Нұрсейітова өзіне керағар пікір жазушылардан шаршаса керек. Желі жұлдызы Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, өзіне айтылып жүрген сынның бәрі орынсыз екенін мәлімдеді.

Ол өзінің жезөкшелікпен айналысатыны жөніндеғі ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Бұрындары адамдар жалған парақшалар ашып, керағар пікір жазушы еді. Қазір болса, өз атынан жазуға жасқанбайтындай дәрежеге жеткен. Әлеуметтік желілердің арқасында біздің ой-санамыз да өзгеріске ұшырады. Біз ажырасудың ақыр заман емес екенін түсінетін деңгейге келдік. Оған қоса, сынның астында қалсаң, демек сені көре алмайды дегенді ұқтық. Қара пияр - тез танылудың таптырмас жолы екенін де түсініп алдық.

Сонымен қатар, адамдардың жұлдыз болу үшін бәрін істеуден тайынбайтынына көзіміз жетті. Оған бүгінгі "хайп" мәселесі дәлел болмақ. Алайда, мен танылу үшін ештене ойлап тауып, халық алдында рөл ойнауымның қажеті болмады. Тағдырым өзі сондай болып қалды. Иә, менің балаларымның әкелері бөлек. Мен оны мойындаймын, жасырған да емеспін. Алайда, мен балаларымды некеде бола дүниеге әкелдім.

Ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын, отбасылы адамнан жүкті болып қалған жоқпын, қыдырып жүріп аяғым ауыр болып қалған жоқ. Көпшіліктің пікірін қаншалықты елемесем де, мен үнемі өз абыройымды қадағалап жүрдім. Оны мен әакелерім, отбасым мен балаларым үшін жасадым. Мен экскорт пен жезөкшелікпен айналыспағанмын. Өзім жайлы осындай қауесеттерді естігенде күлкім келеді. Осындай пасық әңгімелер айтпас бұрын, адамды жақсы танып біліп алғаныңыз жөн" , - деп жазды Нұрсейітова.

Оған қоса, желі жұлдызы төртінші мәрте тұрмысқа шығу жөнінде пікір білдірді.

"Қазіргі таңда, мүлдем тұрмысқа шыққым келмейді. Мен рахаттанып өмір сүріп жатырмын. Құдайға шүкір, ата-анамның осындай түсіністігіне. Олар ешқашан балаларының жеке өміріне араласпайды. Қандай жағдай болмасын, олар әрдайым біздің бақытты болғанымызды қалайды" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Нұрсейітова желіде ашық фотоларын жариялап, ерлер қауымын естен таңдырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841862-zezkselikpen-ajnalyspaganmyn-ajnr-nrsejitova-zin-synga-algandarga-zauap-berdi/

pixel