RU

Лара Фабиан мен Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әйгілі әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне мәтін жазып берді. Ал туындының музыкасын Ресей эстрадасының маэстросы Игорь Крутой жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: instagram.com/igorkrutoy65/instagram.com/kudaibergenov.dimash

Фото: instagram.com/igorkrutoy65/instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал ресейлік композитор Игорь Крутой канадалық әнші Лара Фабианның мәтініне музыка шығарды. Жаңа әнді қазақстандық талант орындайды.

Бұл туралы 9 наурызда Мәскеуде болатын Димаш Құдайбергеннің концертіне арналған баспасөз мәслихатында белгілі болды

"Лара Фабиан түнде маған Канададан хабарласып, әннің мәтінін оқып берді", - дейді Игорь Крутой.

Композитордың айтуынша, мәтінге лайықты әуен оның ойына бірден келген. Сол түні Кротой Димашқа қоңырау шалып, болашақ композициясының музыкасымен таныстырыпты.

Маэстро әнге қатысты студиядағы жұмыстың аяқталуға жақын екенін мәлім етті.

"Бұл таңқаларлық ән болуы керек", - деді Димаш Құдайберген өз кезегінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Мәскеудегі концертіне дайындық қалай жүріп жатқанын айтқан еді.

Өнер иесінің журналистермен кездесу бейресми жағдайда өтті. Шараға әншінің әкесі Қанат Айтбаев пен ресейлік танымал композитор Игорь Крутой қатысты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Лара Фабиан мен Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазды
Mailfire view pixel