Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем көшбасшыларының ел назарында жүрген жұбайлары кім

Опубликовано:

Ел басқарған президенттерден бөлек, олардың сүйікті жарларының да әр басқан қадамы көптің назарында болады. Бірінші ханымдар өзге қыз-келіншектер секілді қалағанын киіп, емін-еркін жүре алмайды. Осы орайда жиі талқыға түсетін әлемдік көшбасшылардың әйелдері кім екенін KAZ.NUR.KZ BigPicture.ru-ға сілтеме жасап анықтады.

фотореп
Фото: bigpicture.ru / 24smi.org: Twitter

Рания аль-Абдулла

Абдалла II Иордания королінің жары - Рания аль-Абдулла палестиналық патшайым. Ол өзінің табынушылары үшін сұлулықтың нағыз символы. Рания ғаламтор арқылы дауыс берудің нәтижесінде көптеген шоу-бизнес өкілдерін басып озып, "Кербез патшайым" деген атақ алған. Иордания патшайымының сырт-келбетіне қарап, оның 49 жаста екеніне сену қиын.

фотореп
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Ли Соль Чжу

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның жұбайы Ли Соль Чжудың нақты туған күні белгісіз. Көп жерде 1985-1989 жылдың арасы деп көрсетілген. Оның өмірі жайлы деректер жасырын сақталған.

Десе де Ли Соль Чжу КХДР көшбасшысына оң әсер еткен. Ким Чен Ын неке қиғаннан соң әйелдерге шалбар мен биік өкшелі аяқ киім киюге, велосипедпен жүруге рұқсат берген.

фотореп
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Мехрибан Алиева

Бүгінде Әзірбайжан басшысы Ильхам Алиевтың 55 жастағы келіншегі бірінші вице-президент қызметінде отыр. Белгілі саясаткерлердің ортақ үш баласы бар. Жасы алпысқа жуықтаса да Алиева жас қалпын сақтап қалған.

фотореп
Фото: lragir.am: Facebook

Моза бинт Насер аль-Миснед

Катар әмірінің екінші әйелін халық арасында жай ғана Моза аль-Миснед деп атайды. Ол білім ұлттық қорын басқарып, бірнеше мемлекеттік қызметтер атқарады. Одан бөлек бірнеше ғылыми дәрежесі бар. Бүгінде 61 жастағы Моза аль-Миснедті сырт-келбетіне қарап жеті баланың анасы деу қиын.

фотореп
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Ана Паула душ Сантуш

Ангола президентінің жары күйеуінен 20 жасқа кіші. Ол туралы көп мәлімет айтылмайды. Ол үнемі классикалық макияж бен қарапайым шаш үлгісімен жүреді.

фотореп
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Шанталь Бийя

Камерун президентінің сырт-келбеті көпшіліктің назарын бірден аударады. Бірінші ханым туралы көп ақпарат айтылмайды.

фотореп
Фото: spletnik.ru: Facebook

Еске сала кетсек, бұған дейін әлем көшбасшыларының қандай тағамды сүйіп жейтінін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841868-lem-ksbassylaryny-el-nazarynda-zrgen-zbajlary-kim/

pixel