RU

"Арыстан": Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Нұрлан Еспановты ел танымай қалды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов шаш үлгісін өзгертіп тастады. Желі қолданушылары образына жаңашылдық енгізген өнер иесін танымай қалды. Олар әрдайым бірқалыпты жүретін шоу-бизнес жұлдызын желіде қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/espanov_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/espanov_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұрлан Еспанов өзінің жаңа шаш үлгісін Instagram парақшасында паш етті. Әдетте, шашын лақтырып билейтін әнші, бұл жолы шашын артқа жатқызып, арнайы лакпен қатырып тастаған.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл өзгерісіне жарыса пікір білдіруде. Кейбіріне образдың жаңарғаны ұнаса, енді бірінің көңілінен мүлдем шықпаған.

"Нұреке сізге бәрі жарасады" , "Жаңа стиліңіз керемет, сондай жарасымды" , "Жаңа шаш үлгісінің арқасында құлағыңыз көренетін болыпты" , "Жасыңызды үлкен етіп көрсетеді екен" , "Бұрынғы стиліңіз жақсы еді. Мына образ жасыңызды ұлғайтып жіберген" , "Отсыз аға, керемет сөз жоқ" , "Танымай қалдым сізді" , - деп жазуда көпшілік.

Белгілі болғандай, Еспановтың шаш үлгісін өзгертуіне фильмдегі рөлі себеп болған. Өнер иесі бұл бар болғаны кинодағы образ екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспановтың құдалықтарда жұлқына билеген видеосы тарап, халықты күлкіге қарық қылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Арыстан": Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Нұрлан Еспановты ел танымай қалды (фото)
Mailfire view pixel