RU

Тәжікстан президенті күзетшісінің ұлы депутаттыққа ұсынылды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның күзет қызметі басшысының ұлы депутаттыққа ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CentralAsia.medіа-ға сілтеме жасап.

Тәжікстан президенті күзетшісінің ұлы депутаттыққа ұсынылды
Фото: centralasia.mediа: Facebook

Қалалық мәжіліс депутаттығына Саидзод Дилшод Муродтың кандидатурасын Тәжікстанның Халықтық демократиялық партиясы ұсынған.

30 жастағы Саидзод Дилшод Қаржы министрлігіне қарасты Талдауды қадағалау бойынша мемлекеттік инспекцияның басшысы.

Сондай-ақ президент Эмомали Рахмонның күзет қызметі басшысының ұлы.

Әкесі Мурод Саидов қазіргі президенттің ең сенімді жақтастарының бірі. Ол Рахмон президенттікке сайланған 1992 жылдан бері мемлекет басшысының күзетшісі. Кейбір деректерге сүйенсек, Саидовтың генерал-лейтенант әскери шені бар.

Әлеуметтік желіде көпшілік Дилшод Саидзодтың депутаттыққа ұсынылуын қолдаған. Халық арасында ол тәрбиелі, қарапайым, білімді адам ретінде сипатталады.

Айта кетсек, Тәжікстанда жергілікті мәжілісмендердің сайлауы 1 наурызда өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тәжікстанда "картоп күні" мерекесі пайда болғаны хабарланған. Енді мемлекет тұрғындары жаңа мерекені Худжандта Наурыз күндерінің бірінде атап өтетін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841881-tzikstan-prezidenti-kzetsisini-ly-deputattykka-synyldy.html