Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаңырақ көтермес бұрын сүйіктіңізбен қандай мәселенің басын ашып алған дұрыс

Опубликовано:

Үйлену тойы алдындағы талқылаулар тек қалыңдық көйлегі мен той өтетін жерді таңдаумен шектелмеуі тиіс. Сүйікті адаммен шаңырақ құрмас бұрын оған қарыз, бала, үй шаруасы және өзге де маңызды сұрақтарды қойып алған абзал деп жазады KAZ.NUR.KZ Harper’s BAZAAR Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Шаңырақ көтермес бұрын сүйіктіңізге қойылуы міндетті сұрақтар қандай
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қарыздарың бар ма?

Мұны сұрау сәл ыңғайсыз болуы мүмкін, алайда серігіңіздің қаржылық жағдайы туралы нақты түсінік болашақта жағымсыз жайттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынастарыңызды ресми түрде тіркегеннен кейінгі отбасылық берешек екеудің заңды түрдегі жауапкершілігіне өтеді.

Егер сіз ерлі-зайыпты ретінде қандай да бір қомақты дүниелер сатып алуды немесе инвестиция құюды көздесеңіз, жиналып тұрған қарыз сіздің қаржылық мүмкіндігіңізді шектеуі мүмкін.

Үйде тазалықтың сақталуы үшін жауапкершілікті кім көтеруі керек деп ойлайсың?

Үй шаруасы мен міндеттерді қалай бөлісетіндеріңізді шешіп алу маңызды. Жақында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, сұралғандардың 62% үй шаруасын бөлісу – отбасындағы маңызды мәселелердің бірі деп санайды. Оны елемеуге болмайды.

Сен бала сүйгің келе ме? Қашан?

Серігіңіздің балалы болғысы келетін-келмейтінін білу өте маңызды. Себебі бұл мәселеде екеудің қалауы әртүрлі болуы мүмкін. Егер екеуіңіз де қалайтыныңызды білсеңіз, мұны қашанға жоспарлайтындарыңызды анықтаңыз. Себебі сіз бала тууды белгілі бір уақытқа шегеріп, серігіңіз балаларға арналған заттарға көз тастай бастаса, бұл қиындықтар туғызуы мүмкін.

Сен көрпеге қарай көсілесің бе әлде жоспарлағаннан көбірек жұмсап қоясың ба?

Екеуіңіздің де ақшаны қалай жұмсайтыныңызды талқылау маңызды. Отбасылық бюджет, шығындар және ақша үнемдеу сияқты мәселелерге келгенде, сіздер бір көзқараста болуларыңыз керек.

Сен үшін төсек қатынасы қаншалықты маңызды?

Relate сайтының деректеріне сай, көптеген жұптар бірінің сексуалдық құмарлығы екіншісіне қарағанда жоғары немесе төмен болатын жайттарға тап болады. Ал шын мәнісінде мұны үйленуге дейін талқылау қалыпты дүние.

Жыныстық қатынасқа қаншалықты жиі түскісі келеді? Уақытша жыныстық қатынасқа түсуге болмайтын кезеңде бұл жағдайды қалай шешесіздер? Талқылайтын мәселе көп екені анық.

Ажырасуға қалай қарайсың?

Ажырасу – түптің түбінде кейбір жұптардың өмірінде орын алып жататын ақиқат, және некені бұзуға қатысты өте кірпияз әрі күрделі тақырыпқа қатысты серігіңіздің не ойлайтынын білу маңызды. Оның ажырасуға қатысты көзқарасын сипаттайтын қандай да бір діни сенімдері бар ма? Серігіңіздің ата-анасы берік отбасын құрған ба? Неке шартын жасасу мүмкіндігін талқылауға дайынсыздар ма? Иә, мұндай сұрақтарды талқылау адамның қытығына тиеді, дегенмен анықтап алған артық етпейді.

Өзіңді бақытты сезіну үшін өз-өзіңе қанша уақыт бөлу қажет?

Кейбір адамдар күйеуінің немесе әйелінің қасында ұдайы уақыт өткізіп, жайлы өмір сүреді, ал кейбір адамдарға өз қызығушылықтарымен айналысуға немесе достарымен уақыт өткізуге сәл көбірек еркіндік қажет. Бір-біріңіздің жұп болып және жалғыз жүргендегі қажеттіліктеріңізді түсіну бал айынан кейін ұрыс-керісті болдырмауға көмектеседі.

Айта кетсек, бұған дейін қыз баланы тәрбиелеу кезінде қандай қателіктерге бой алдырмау керектігін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841891-sayrak-ktermes-bryn-sjiktiizben-kandaj-mseleni-basyn-asyp-algan-drys/

pixel