RU

Жалғас Жұмағұлов енді UFC-де өнер көрсетеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аралас жекпе-жекте өзіндік орны бар қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал Ultimate Fighting Championship (UFC) прмоутерлік орталығымен келісім шартқа отырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/sayatus

Фото: Instagram/sayatus

Қуанышты жаңалықты спортшының менеджері Саят Абдрахманов Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлермен бөлісті.

"Arlan MMA Pro командасының жауынгері Жалғас Жұмағұлов атақты UFC компаниясымен келісім шартқа отырды. Бауырым, сені шын жүректен құттықтаймын. Бұл жаңалықты күтіп жүрген барлық жанкүйерлерді де құттықтағым келеді", - деді ол.

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC промоутерлік орталығымен келісімге келген қазақстандық екінші спортшы.

Еске сала кетсек, өткен жылы шілде айында UFC алғаш рет қазақстандық спортшы Шавкат Рахмановпен келісім шартқа отырған болатын.

Сондай-ақ, UFC-де Ресейдің намысын қорғайтын этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың өнер көрсететінін естеріңізге сала кетейік. Ол жекпе-жектерінде үнемі екі елдің туын көтеріп шығады.

Әзірге Жалғас Жұмағұловтың UFC орталығындағы алғашқы кездесуінің қашан өтетіні белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жалғас Жұмағұлов енді UFC-де өнер көрсетеді
Mailfire view pixel