Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мың бұралған биші қыз Шоқан Маратұлын әйелінің көзінше алып кетті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Шоқан Маратұлы ғашықтар күнін қалай тойлағанын көрсетті. 14 ақпан күні әйелімен бірге әулие Валентин күнін тойлаған өнер иесі қызық жағдайға тап болған. Ерлі-зайыптылар көңіл көтерген мейрамхананың бишісі шоу-бизнес жұлдызын келіншегінің көзінше алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шоқан Маратұлы биші қызбен жұлқына билеген сәтінің видеосымен Instagram желісінде бөліскен. Онда эстрада жұлдызы ашық образды бикешпен бидің түбін түсіріп жатқанын көруге болады.

Қызығы, сылқым өнер иесін әйелі отырғанына қарамастан өз артынан ертіп, би алаңына алып кетеді. Олар сол жерде биін тағы да жалғастырады. Бұл үрдістің барлығын видеоға Шоқан Маратұлының жары Анель Баталова түсіріп тұрған.

Желі қолданушылары отандық жұлдыздың бұл әрекетін отбасылы азаматқа сай емес деп санап, оны сынға алған.

"Кез келген жағдайдан сәтті шыға алады өзі" , "Әйелі қарап тұрса да, сасқалақтап қалмады" , "Менің күйеуімнің билей алмайтынын қандай жақсы" , "Керемет билейсіз, бірақ әйелінің көзінше дұрыс емес-ау бұл" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспановтың құдалықтарда жұлқына билеген видеосы тарап, халықты күлкіге қарық қылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841908-my-bralgan-bisi-kyz-sokan-maratlyn-jelini-kzinse-alyp-ketti-video/

pixel