Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол жүру ережелері: жүргізуші мен жаяу жүргіншінің міндеттері қандай

Опубликовано:

Жол қозғалысы ережелері – бұл көлік құралдарының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің міндеттерін реттейтін ережелер жиынтығы, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар. Күнделікті сіз жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Қазақстанның жол қозғалысы ережелерi республика аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс.

Жүргізушіге көлік құралын жүргізген кезде неге тыйым салынады?

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысының 2-бөлімі 4- тармағына сәйкес жүргізушіге:

1) көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге уақытша куәліксіз көлік құралын басқаруға;

2) масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға;

3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына төрт жылдан аспайтын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға;

4) ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған иесінің көлік құралын басқаруға;

5) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын басқаруға;

6) көлік құралын оның иесі болмаған кезде басқарған жағдайда – уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын басқаратын жеке тұлғаның уәкілетті органда міндетті тіркелуімен бірге аталған көлік құралын басқару, иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжатсыз көлік құралын басқаруға;

7) масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға, сондай-ақ жүргізуге оқып-үйренушілерден басқа, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты) жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға көлік құралын басқаруға беруге;

8) ұйымдастырылған (оның ішінде жаяулардың да) колонналарды кесіп өтуге және олардың арасынан орын алуға;

9) телефонды не радиостанцияны құлаққап немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға;

10) тежегіштің жұмыс жүйесі немесе рульмен басқаруы істемейтін, ілініс құрылғысы (поезд құрамында) жарамсыз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда - шамдары және (немесе) артқы габариттік оттары жанбайтын (жоқ), жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда алдыңғы терезе тазалағыштары жарамсыз көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

11) өзінің қатысы бар жол-көлік оқиғасынан кейін не ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралы тоқтатылғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам масаң күйді анықтау мақсатында куәландырудан өткізгенге дейін немесе осындай куәландыруды жүргізуден босату туралы шешім қабылдағанға дейін алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Жолаушылардың міндеттері қандай?

№1196 қаулының 4-бөлімінің 1-тармағына сәйкес жолаушылар:

  • ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге;
  • қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға (Қағидалардың 2-бөлімі 1-тармағының 2) тармақшасын ескеріп), ал мотоциклмен жол жүрген кезде — түймеленген мотошлемде болуға;
  • тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті.
  • Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады.

Жаяу жүргіншілердің міндеттері?

№1196 қаулының 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес жаяу жүргіншілер:

  • Тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған кезде - жол жиегімен, сондай-ақ Қағидалардың 17-бөлімі 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес жүреді.
  • Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүру бөлігінің жиегімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) жүре алады.
  • Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен жүру мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетімен (бөлу жолақтары бар жолдарда жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) бір қатарда жүре алады.
  • Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының жүрісіне қарсы жүруі тиіс.
  • Жолдың жүру бөлігінің шетімен қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары жүрісінің бағытында жолдың оң жағымен жүреді.
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Авариялық жарық сигналы қандай жағдайларда iске қосылуы тиiс?

№1196 қаулының 7-бөлімінің 1-тармағына сәйкес авариялық жарық сигнал беру:

1) жол-көлік оқиғасы кезінде;

2) аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде;

3) артқа жүру кезінде;

4)жүргізушінің көзін фар жарығы шағылыстырған кезде;

5) сүйретуге алу кезінде (сүйретілетін механикалық көлік құралында);

6) жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде аялдау және тұру кезінде немесе көлемдік оттардың дұрыс істемеуінен көріну жеткіліксіз болғанда;

7) елді мекеннен тыс, жол жиегінің ені жолдың жүру бөлігінен толық кіру үшін жеткіліксіз болғанда немесе жол жиегінің енін осы жол жағдайында айқындау мүмкін болмай, онда тоқтаған кезде іске қосылады.

Авариялық жарық сигнал беру басқа жағдайларда да, жол жүрісінің қатысушыларына көлік құралы туғызуы мүмкін қауіптілік туралы ескерту үшін де қосылады.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Жол-көлiк оқиғасының қатысушылары қалай әрекет етуі керек?

№1196 қаулысының 2-бөлімі 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші:

  • Қағидалардың 7-бөлімі 2-тармағының талаптарына сәйкес, көлік құралын дереу тоқтатуға, орнынан қозғамауға, авариялық жарық сигнал белгісін қосуға және авариялық тоқтау белгісін қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға;
  • зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;
  • Қағидалардың 1-бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге;
  • егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға;
  • жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді өзгелердің айналып өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлемеген жүргізушілерге қатысты қандай шаралар қолданылатынын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841910-zol-zru-erezeleri-zrgizusi-men-zaau-zrginsini-mindetteri-kandaj/

pixel