RU

Қатерлі ісікке шалдыққан науқас ота кезінде дәрігерлерге скрипкада ойнап берді

53 жастағы англиялық скрипкашы әйел өзінің қатерлі ісікпен ауыратынын білген. Ол музыкалық аспапта ойнағанды жақсы көргені сонша, тіпті отадан кейін бұл қабілеттен айырылып қаламын ба деп қорқыпты. Алайда дәрігерлер мәселені шешу үшін ота кезінде әйелге скрипка ұстатып, өнер көрсетуін талап еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Науқас ота кезінде оянып, скрипкада өнер көрсетті
Фото: Видеодан кадр: UGC

Англияның Уайт аралынан шыққан Дагмар Тернер скрипкада ойнағанды жақсы көретін.

2013 жылы дәрігерлер Дагмардың миында ісік бар екенін анықтаған.

Суыт хабарды естіген әйел бірден радиотерапия емін ала бастаған, алайда ісік өсуін жалғастырыпты. Сол себепті келіншекке ота жасауға шешім қабылданған деп жазады Daily Mail.

Ісік сол жақ қолдың ұсақ моторикасына жауап беретін бөлікте орналасқандықтан Дагмар хирургиялық отадан қорыққан.

Британиялық келіншек он жасынан бастап скрипкада ойнап, жергілікті симфониялық оркестрдің құрамында өнер көрсеткен. Өмірлік мансабынан айрылып қалу мүмкіндігі оны одан сайын үрейлендіреді.

Әйел Лондонның Корольдік колледж ауруханасының дәрігерлеріне қорқынышы жайлы айтқан, ал олар өз кезегінде бұл мәселені шешіп беріпті.

Хирург мамандар мидың қай бөлігіне тиісіп, зақым келтіруге болмайтынын анықтау үшін келіншекті алты сағаттық ота кезінде оятып, скрипкада ойнауға бұйырған.

Дәрігерлер жұмысын сәтті ақтап, ісіктің 90 пайызын жойыпты. Үш күннен кейін Дагмар күйеуі мен балаларының жанына қайтып оралған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841916-ota-kezinde-oanyp-ketken-naukas-drigerlerge-skripkada-ojnap-berdi.html