RU

Алматыда екі жасөспірімді зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалатын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда 13 және 16 жастағы екі жасөспірімді зорлау ісі қаралған сот процесі аяқталды. Айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылып, химиялық кастрация жазасына кесілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда екі жасөспірім зорлаған педофилге химиялық кастрация үкімі шығарылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Кәмелет жасқа толмаған екі баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпаратты қаланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты хабарлады.

Ведомство дерегіне сәйкес, жәбірленушілер 2004 және 2007 жылы туған.

Сот алдына ересек адам келді. Оның кінәсі мойындалды. Сот айыпталушыны 20 жылға бас бостандығын айыру және химиялық кастрация жазасына кесті.

Сондай-ақ, сот шешіміне сәйкес, сотталушыға балаларға қатысы бар қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысында жігітті зорлаған экс-полицей ісіне қатысты тың ақпарат шықты.

Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтқан.

Айтуынша, қаскөйлер оны зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда екі жасөспірімді зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалатын болды
Mailfire view pixel