Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде балабақшадан өрт шығып, 80 бүлдіршін эвакуацияланды (фото)

Опубликовано:

Бүгін, 20 ақпан Ақтөбе қаласы Ливенцова көшесі бойындағы "Әсел" балабақшасынан өрт шықты. Ғимарат ішіндегі кішкентай бүлдіршіндер полиция және төтенше жағдай қызметкерлерінің көмегімен эвакуацияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД: UGC
"Оқиға бізге сағат 9:30 шамасында хабарланды. Бірден жеттік. Ғимараттың іші түтін, иіс шыққан. Балалар жылап, тәрбиешілер киіндіріп жатыр екен. Жүгіріп, жоғарыда қалып қойған балаларды түсіріп, киіндірдік. Қосымша көмек шақырдық. Барлығы аман-есен. Балаларды ата-анасына табыстадық", - дейді полиция инспекторы Мейіржан Аманғали.

Мамандар өрт шығуының себебін балабақша ішінде электр тогының қысқа тұйықталуынан деп түсіндіреді.

Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД: UGC
"Өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан. Жалын тарап кетпей тоқтатылды. Өрт сөндіру қызметінен 13 техника мен 52 адам жұмылдырылды",-дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД: UGC

Құтқару қызметі балабақшадан барлығы 130 адамды эвакуациялады. Оның 80-і бүлдіршін.

Айта кетейік, 15 ақпанда Алматы қаласындағы Almaty Towers бизнес орталығында қызметкерлер мен келушілерге хабарландыру жүйесі төтенше жағдай туралы белгі берді. Оқиға орнына Алматы қаласы бойынша ТЖД қызметкерлері аттанды. Нәтижесінде ғимаратта түтін пайда болғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841922-aktbede-balabaksadan-rt-sygyp-80-bldirsin-evakuacialandy-foto/

pixel