Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіп-жегені кімге керек?": Түсіпбаева желіге әр қадамын салатын өнер иелерін сынады

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желілерде әр қадамын жариялап отыратын әріптестерін қатаң сынға алды. Әнші ғаламтор кеңістігінде аса белсенді болып жүрген өнер иелері туралы бар ойын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/rozarymbaeva/видеодан кадр/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/rozarymbaeva/видеодан кадр/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Меруерт Түсіпбаева күнделікті не ішіп, не жегенін көпшілікке көрсетуді дұрыс деп есептемейді. Оның ойынша, желіде көрсетуге тұрарлық және ел назарына паш етпейтін дүниелер де бар.

"Неше түрлі киіп, "мен мынаны жедім, мынаны іштім, мен шетелге бардым, маған көлік сыйлады" ондай жоқ. Оны қайтемін. Өзі халық қазір төмен деңгейде өмір сүріп жатыр. Халықтың жағдайы нашар. Сол халықты мазақтап, оларды қызықтырып, қызғантып деген сияқты. Менің өмірім осындай деп мақтанудың қажеті жоқ деп ойлаймын" , - деді әнші.

Оған қоса, Түсіпбаева төмен деңгейге түспейтін әртістерді атады.

"Роза Қуанышқызын қараңызшы, бүкіл жұртшылық танитын адам. Мысалы, Димаш пен оның ата-анасын алыңызшы. Бұл кісілер бос сөйлеп, көлгірсіп, бағалы көліктерді мініп жүрсе де болады ғой. Неше түрлі киім киіп, қандай жерден тамақ ішетінін салса болады. Бірақ, олар ондай деңгейге түспейді. Неге? Өйткені мәдениеттері өте биік" , - деді ол.

Айта кетейік бұған дейін желідегілер әйелінің көзінше биші қызбен кетіп қалған Шоқан Маратұлы сынға алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841943-isip-zegeni-kimge-kerek-tsipbaeva-zelige-r-kadamyn-salatyn-ner-ielerin-synady-video/

pixel