Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында Қытайдан келген барлық жолаушы карантинге жатқызылатын болды

Опубликовано:

Алматы Халықаралық әуежайында Қытайдан келген барлық жолаушы карантинге жатқызылатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында әуе айлағының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

"Бүгіннен бастап бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, елімізде коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары күшейтілгеніне назар аудартамыз. Әсіресе, елге Алматы Халықаралық әуежайы арқылы келетін бірінші санаттағы жолаушылар карантинге жатқызылады", -делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, 20 ақпаннан бастап коронавирус жағдайы тіркелген елден келгендер сол мемлекеттегі жағдайға байланысты үш санатқа бөлінеді.

"Бірінші санат: ҚХР - дан соңғы 14 күн ішінде келгендер ҚР шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 2 апта ішінде стационарда оқшаулау арқылы карантинге орналастырылады, кейіннен оларды медицина қызметкерлері 10 күн бойы үйде бақылауда ұстайды.
Екінші санат: 10 жағдайдан көп коронавирус тіркелген елдерден келгендер медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.
Үшінші санат: 10 жағдайдан аз коронавирус тіркелген елдерден келгендер тұрғылықты мекенжайына байланысты 24 күн бойы үй қарауында жатуы тиіс",- делінген әуежай ақпаратында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1841984-almaty-uezajynda-kytajdan-kelgen-barlyk-zolausy-karantinge-zatkyzylatyn-boldy/

pixel