Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жасалған күзет жабдықтарын Тәжікстан өз түрмелерінде қолданбақшы

Опубликовано:

Тәжікстанның астанасында Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЖЗ) дайындаған қазақстандық күзет жабдықтарын Тәжікстанның Әділет министрлігіне салтанатты табыс ету рәсімі өтті деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Іс-шара аясында түзеу мекемелеріне арналған күзет жабдықтарының 2 жиынтығын қабылдау-тапсыру туралы актіге қол қойылды.

Бұл жоба Қазақстанның дамуға ресми көмек  ұлттық жүйесінің (ДРК) жобасын іске асыруының нәтижесінде мүмкін болды.

ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Р.Жошыбаев өз сөзінде ДРК ұлттық жүйесін құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, осы саладағы ұлттық операторы, «KazAID» агенттігін құру жөніндегі жоспарлар туралы таныстырды.

Сондай-ақ, Қазақстандық дипломат Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы ДРК шеңберіндегі бірқатар жобалардың іске асырылуы туралы хабардар етіп, қазақстандық тараптың осы бағыт шеңберінде одан әрі бірлескен жұмысқа дайындығын атап өтті.

Өз кезегінде, ТР Әділет министрінің орынбасары М.Омаров Қазақстан тарапына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып, Қазақстанның осы маңызды бағыттағы қызметі Тәжікстанда да, жалпы өңірде де тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Қазақстанның ДРК саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Біздің еліміз Ауғанстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға білім беру гранттары мен оқу орындарын салу түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. 

Жобаны жүзеге асыру Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігер аясында маңызды болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842011-kazakstanda-zasalgan-kzet-zabdyktaryn-tzikstan-z-trmelerinde-koldanbaksy/

pixel