Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жайлы соңғы дерек: 2247 адам қайтыс болып, 76,1 мың адам жұқтырған

Опубликовано:

COVID-19 коронавирусын Қытайдан тыс мемлекеттерде жұқтырғандар саны 1070- тен асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Akio Kon/Bloomberg via Getty Images
Фото: Akio Kon/Bloomberg via Getty Images: UGC

20 ақпандағы дерек бойынша, әлемнің 26 елінде коронавирустың 1076 жағдайы тіркелген. Қауіпті кеселден 7 адам қайтыс болған. Мұндай деректі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасаған РИА Новости ұсынып отыр.

Коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі қазір Жапонияда тұрған Diamond Princess лайнерінде тіркелген. Ол қазір карантинге жабылды.

Айта кетейік, лайнер бортынан Қазақстанның 4 азаматы шыға алмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің азаматтары бар.

20 ақпан күні Денсаулық сақтау министрлігі лайнердегі екі қазақстандықта коронавирус анықталмағанын мәлімдеді. Ал екі отандасымыздың нәтижесі әзірге белгісіз.

21 ақпан күні әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайды бақылайтын Coronavirus COVID-19 Global Cases онлайн-дайджестінің мәліметіне сәйкес, Қытайда мен дүние жүзінде аталған дертті жұқтырғандар саны 76,1 мың адам болды.

Коронавирустан 2247 адам көз жұмып, 18,1 мың адам айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842012-koronavirus-zajly-sogy-derek-2247-adam-kajtys-bolyp-761-my-adam-zktyrgan/

pixel