Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үкі таққан": Аша Матайдың болашақ жеңгесі қызойнағын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Ғашықтар күнінде сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған отандық жас әнші Жарқынай Ханайым күні кеше қыз ойнағын дүркіретіп өткізді. Аша Матайдың болашақ жеңгесі өзі үшін ерекше мерекелік кеште ең жақын құрбыларының басын қосқан. Олардың арасында қазақстандық шоу-бизнес сылқымдары да бой көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жарқынай Ханайым той алдындағы кешіне Балжан Бидаш бастаған жұлдызды құрбыларымен қатар қайын сіңлілерін де шақыруды ұмытпаған.

Аша Матай, Айсәуле Бақытбек пен Айару Бақытбек те қызойнақта көңіл көтеріп қайтты.

Оған қоса, кеш ортасында қалыңдықтың күйеу жігіті Айдар Асқарбеков те бой көрсетіп, келген қонақтарға өз алғысын білдірген.

Алматы қаласының бағалы караоке мейрамханаларының бірінде өткен қызойнақта түсірілген видеолар мен суреттер бірден Instagram желіcінде тарап кетті.

Бейнематериалдарға сүйене отырып, қалыңдық пен оның құрбылары бірдей стильде, ақ және көк түсті киімде болғанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, 14 ақпан әулие Валентин күні Аша Матайдың ағасы, жас актер Айдар Асқарбеков өз сүйіктісі Жарқынай Ханайымға үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Қос ғашық бірге "Рауза" атты телехикаясында танысып, онда басты рөлдерді сомдаған. Сериалда олар ғашықтарды ойнады. Нәтижесінде белгілі болғандай, экрандағы махаббат шынайы өмірде де жалғасын тапқан көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842017-ki-takkan-asa-matajdy-bolasak-zegesi-kyzojnagyn-drkiretip-tkizdi-foto-video/

pixel