RU

Димаш ауыр дерттен көз жұмған жанкүйерінің құрметіне ән арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше, 20 ақпанда Димаш Құдайбергеннің Татарстанның Қазан қаласында "ARNAU TOUR 2020" атты жеке ән кеші болды. Концерт кезінде әлемге әйгілі өнер иесі бір композициясын онкологиялық дерттен қайтыс болған Лейсан Сейтназароваға арнады. Қыз бала Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы tatar-inform.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Youtube/Звездные секреты, tatar-inform

Видеодан кадр/Youtube/Звездные секреты, tatar-inform

2019 жылы қазақстандық әнші WorldSkills Kazan шарасына келе алмаған Лейсанның жағдайын білу үшін, хосписке арнайы барды.

Жеткіншек сүйікті орындаушысының келетінін соңғы уақытқа дейін білмеген.

Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт ай өтпей қайтыс болды.

Қазақстандық әнші жеке концертінде қыздың арманын орындағысы келетінін, оны "туған қарындасындай" көргенін білдірген.

"Татнефть Аренаға" жиналған жанкүйерлер Лейсанға ән арнаған Димаш Құдайберген деген алғыстарын ыстық ықыласпен, гүл-шоқтарымен жеткізді.

Әртістің Қазан қаласындағы жеке кешінде Татарстаннан, Ресейден, Канада, Финляндиядан келген тыңдармандар болғанын айта кеткен жөн.

Олардан бөлек, оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да бой көрсетті.

Фото: tatar-inform

Фото: tatar-inform

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы балалар хосписіне Лейсан есімді кішкентай қыздың арманын орындау үшін арнайы барды.

Андрей Малаховтың бағдарламасында өнер иесінің жанкүйері ауыр дертпен күресіп жатқанын, Димаштың шығармашылығынан үлкен күш алатынын, оның әндерін тыңдау арқылы өмір әлі алда екенін ұғынатынын айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаш ауыр дерттен көз жұмған жанкүйерінің құрметіне ән арнады
Mailfire view pixel