Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазығұрттағы оқушы өлімі: Марқұм баланың әкесі тергеудің әділ өтуін сұрады

Опубликовано:

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында құрдасы итеріп жіберген сегізінші сынып оқушысы қайтыс болды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Қайғыдан қан жұтқан әке марқұм ұлының өліміне қатысты тергеу жұмыстары әділ өткенін қалайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейбарыс Нұралы. Фото: otyrar.kz
Бейбарыс Нұралы. Фото: otyrar.kz: Facebook

14 жастағы жасөспірімнің ессіз жатқаны жайлы тәжірибеден өтіп жүрген мұғалім Қуаныш Әйтеновке мектеп оқушылары хабарлаған. Бірден көмекке жүгірген жас оқытушы баланың есін жината алмағандықтан, медициналық пунктіге апарған.

"Балалар мұны кім істегенін айтпады. Жедел жәрдем ұзақ уақыт келмеді. Сондықтан, оны көлікпен ауруханаға апаруды шештік", -дейді Қуаныш Әйтенов.

Балаға ауруханаға кетіп бара жатқанда кезіктірген жедел жәрдем де еш көмек көрсете алмаған. Себебі, ол уақытта 14 жастағы Бейбарыс Нұралы жан тәсілім етіп үлгерген.

Кейіннен мектеп оқушыларының арасында кикілжің болғаны анықталды. Жанжал барысында бір оқушы екіншісін итеріп жібереді. Салдарынан Бейбарыс Нұралы құлап, есінен танып қалады. Үрейленіп кеткен екінші оқушы оқиға орнынан таса болады. Ал марқұмның туыстары Бейбарыстың денсаулығында кінәрат болмағанын айтады.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Facebook
"Алғашында сенбедім. Мектепке барып, балалармен сөйлестім. Бір мектеп оқушысы бес сыныптасы Бейбарысты теуіп жатқанын көргенін айтты. Одан кейін менің ұлым есінен танып қалған",- дейді марқұмның әкесі Ғабидин Батырханов.

Білім басқармасында оқиғаның мектептегі бейнебақылау камералары арқылы тексерілгенін атап өтті. Оған сәйкес, Бейбарыс тек бір сыныптасымен жанжалдасып қалған. Педагогтар жасөспірімдер арасында бұрын-соңды мұндай кикілжің болмағанын алға тартып отыр. Ал марқұмның туыстары тергеу жұмыстарының тиянақты өткенін талап етуде.

Полицейлер өлім себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болатынын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842019-kazygrttagy-okusy-limi-markm-balany-kesi-tergeudi-dil-tuin-srady/

pixel