Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш күйеуім де оңған жоқ": Нұрсейітова не себепті үш рет ажырасқанын айтты

Опубликовано:

Әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке танылған Айнұр Нұрсейітова өзінің үш бірдей сәтсіз некесі туралы бар шындықты айтты. Instagram жұлдызы ажырасуына не себеп болғанын және бүгінде жолдастарымен қандай қарым-қатынаста екенін айтып, жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ Aitube желісіндегі "Ойбай Show" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ainurnurseit. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрсейітова үш мәрте ажырасқанына еш өкінбейтінін жеткізіп, бүгінде өзін бақытты адам сезінетінін айтты.

"Соңғы кезде барлығы "үш рет ажырассаң себеп сенде" деп жазып жатады. Маған "өзің кінәлісің" деп айтушылар көбейген. Мүмкін.

Бірақ, мен ештеңеге өкінбеймін. Бәріне жақсы көзқараспен қараймын. Үш рет ажырассам да, ең бастысы қазір мен бақыттымын.

Қазір екі балам бар. Ұлым да, қызым да бар. Өмір керемет. Не жазып, не айтып жатса да маған бәрібір. Мені ата-анам қолдап тұрғанда, маған одан артық не керек?

Мен өзім жаман әрі балағат сөздерді ұнатпаймын. Не дегенмен, олар менің жолдасым болды. Қанша уақыт болса да, бірге тұрдық. Сондықтан мен ешқашан жамандамаймын.

Өйткені, екеуі балаларымның әкелері. Бірақ, ондай жағдай болды. Ол да ажырасуыма үлкен себеп болды. Тағы да бірқатар мәселелер орын алды. Оған ешқашан өкінбеймін" , - деді Айнұр.

Желі жұлдызы өзінің тым сенгіш екенін мойындады. Бұл қасиетінің кесірінен жапа шеккенін жасырмады.

"Ғашық болсам, ешкімді тыңдамаймын. Тек жүрегіме сенемін. Ата-анам көріп тұрып, "бұл сенің адамың емес" десе де тыңдамадым. Тұрмысқа шықтым.

Көп нәрсені отбасыма айтпай, жасырып жүрдім. Тіпті, некені сақтап қалуға тырыстым. Елдің сөйлеп, сынайтынын білдім.

Сол себепті, екінші мәрте ажырасу маған қиынға соқты. Ол жолдасым соны пайдаланды. Мені ешқайда кете алмайды деп ойлады" , - деді Нұрсейітова.

Оған қоса, Айнұр ажырасу үрдісі қалай өткенін де егжейлі-тегжейлі баяндап берді.

"Бірінші ажырасу да өте қиын болды. Ұзаққа созылып кетті. Қатты қиналдым. Балаға таластық, жаман сөздер көп айтылды. Мен үш жыл отырғандықтан, ол адам мені қорқытпақ болды. Үйге тәртіп сақшыларын жіберген.

Жолдасым мені үйге "өзі-ақ қайтып келеді" деп ойлады. Әке-шешесі менен ажырасуды күтпеді.

Менің ата-анам ол кезде бұл мәселеге араласпады. Құдаларды сабырға шақырды. Бірақ, олар түсінбеді, арнайы детектив жалдап аңдады" , - деді ол.

Белгілі болғандай, Нұрсейітованың екі баласының әкелері де оларға көмектеспейді екен. Желі жұлдызы перзенттерін аяққа тұрғызып, асырауға өз күші жететінін айтты.

"Бірінші де, соңғы рет ажырасқанда да алиментке арыз жазған жоқпын. Мен үшін бұл ұсақ дүние. Қазір балаларымның жағдайын өзім жасаймын. Қолымнан келеді.
Ешкімнен көмек сұрамаймын, керегі де жоқ. Үшінші күйеуім екі жыл бойы менің мойнымда отырды. Ол адамнан қандай көмек күтуге болады?" , - деді Айнұр Нұрсейітова.

Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Нұрсейітова өзін жезөкшелікпен айналысады деп айыптағандарға жауап берген болатын. Желі жұлдызы тапқан табысы тек таза еңбектің арқасы екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842030-s-kjeuim-de-ogan-zok-nrsejitova-ne-sebepti-s-ret-azyraskanyn-ajtty/

pixel