Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс ұйымы рейтингісінің үздік үштігіне кірді

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс ұйымының жаңартылған рейтингісінде бір сатыға көтерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/islamkanatqazaq
Фото: Instagram/islamkanatqazaq: Instagram

Боксшы Рангтер туралы кестенің жаңа шығарылымында жартылай орта салмақтағы WBO International атағының иегері мексикалық Хайме Мунгиядан және британдық Лиам Уильямстен кейін үшінші орынға тұрақтады.

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын АҚШ өкілі Деметриус Андраде жеңіп алды.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыда өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңді.

Осыдан кейін боксшы келесі кездесуі наурыз айына жоспарланғанын мәлімдеді.

Жақында Қанат Ислам қазақстандық бапкермен жұмысын тоқтатты.

Одан бөлек, 20 ақпанда Жәнібек Әлімханұлының да келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды.

Қуанышты жаңалықты ESPN журналисі Стив Ким жанкүйерлермен бөліскен.

"28 наурызда Монреальда Артур Бетербиев титулын қорғайтын кешті Жәнібек Әлімханұлы мен Димитриус Баллард жекпе-жегі ашатындығы айтылуда", - деді ол Twiiter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз келесі кездесуінің қай күні болатынын хабарлаған еді.

Осыдан кейін отандық БАҚ беттерінде Жәнібек пен Қанат Ислам арасындағы жекпе-жек болуы мүмкін екендігі жазылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842044-kanat-islam-dniezzilik-boks-jymy-rejtingisini-zdik-stigine-kirdi/

pixel