RU

Ресейлік олигарх Қазақстандағы халықаралық әуежайды сатып алуға ниетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік инженер әрі кәсіпкер Виктор Вексельберг Қазақстан мен Өзбекстанда әуежай сатып алуға ниетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Шығыс және Орталық Еуропа елдерін экономикалық шолу" жобасының ақпаратына сәйкес, "Өңірлер әуежайы" холдингі (олигарх Виктор Вексельбергке тиесілі "Ренова" компаниясының тобына кіреді) Қазақстан мен Өзбекстанда әуежай сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

"Атап айтқанда, ресейліктер Қазақстанда мұнай өндіру орталығы Ақтаудағы түрік инвесторларына тиесілі халықаралық әуежайды сатып алуға ниет білдіруде. Өзбекстан бойынша сатып алу мүмкіндігі әлі қарастырылуда",- делінген хабарламада.

Тағы бір ресейлік "Новапорт" холдингі Өзбекстандағы Самарқанд, Наманган және Үргенч әуежайларын басқаруға және оларды қайта жаңартуға ниетті екенін мәлімдеді.

Виктор Феликсович Вексельберг-ресейлік инженер және кәсіпкер, басқарушы, миллиардер, өнер коллекционері. "Сколково" қорының президенті, "Ренова"компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы.

Айта кетейік, Алматы Халықаралық әуежайында Қытайдан келген барлық жолаушы карантинге жатқызылатын болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік олигарх Қазақстандағы халықаралық әуежайды сатып алуға ниетті
Mailfire view pixel