RU

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

назарбаев

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында хабарлады. Оның жазуынша, отырыс наурыз айында өтеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың 5 наурызында өтеді", - деп жазды Үкібай.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездескен еді.

Кездесу барысында Елбасы премьер-министрдің жаңа орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өткен болатын.

"Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет.

Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды.

Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі өңірінде, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan саяси кеңесі бюросының отырысын шақырды
Mailfire view pixel