Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда ер адам мешітке келушілерге пышақпен шабуыл жасады

Опубликовано:

Лондонда пышақпен қаруланған ер адам мешітке келгендерге шабуыл жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Лондонда ер адам мешітке келушілерге пышақпен шабуыл жасады (видео)
Видеодан кадр: Twitter

Қаскөй Лондондағы Риджентс саябағы маңында орналасқан мешітке шабуылдаған. Нәтижесінде 70 жастағы ер адам жарақат алған.

Куәгерлер оқиға орнына бірден полиция мен медицина қызметкерлерін шақырыпты. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Қаскөй оқиға орнында қолға түскен. Тергеушілер оның мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау үстінде. Әзірге оның нақты аты-жөні кім екені белгісіз.

Еске сала кетсек, германияда белгісіз біреу Ханау қаласындағы екі кальян ғимараты мен букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, соның салдарынан сегіз адам қаза тапқаны хабарланған. Одан бөлек, ауыр жарақаттанған бес адам ауруханада жатыр.

Осы атысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат өз үйінен өлі күйінде табылған. Ер адамның жанында тағы бір адамның денесі болған. Оның нақты аты-жөні жария болған жоқ.

Күдікті қанды оқиғаны жалғыз өзі ұйымдастырғаны белгілі болып отыр. Қылмыскердің бұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге жұмбақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842054-londonda-er-adam-mesitke-kelusilerge-pysakpen-sabuyl-zasady/

pixel