Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова 36 жасқа толды (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова бүгін туған күнін тойлауда. Өнер иесі 36 жасқа толды. Шоу-бизнес жұлдызы жеке мерекесін түнгі сағат он екіден кейін жақын достарымен бірге қарсы алған. Олар туған күн иесін ерекше құттықтап, әсерлі отырыс ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/makosyai/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/makosyai/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақпал Исабекованың 36 жасқа толуына орай, оны алғашқы болып өнердегі достары құттықтаған.

Олардың қатарында Диас Аблаев, Гүлназ Жоланова, Айжан Қали және тағы да басқалар бар.

Шоу-бизнес жұлдыздары түнгі он екіден кейін туған күн иесіне дәстүрлі түрде торт тарту еткен. Видеодан Мақпал Исабекованың шамды үрлемес бұрын, ұзақ уақыт тілек тілегенін көруге болады.

Әншінің жақындары көңілді отырыстағы видеоларымен Instagram желісіндегі Stories-те белсенді түрде бөліскен.

Оған қоса, Исабекованың сахнадағы бірқатар әріптестері оны желіде арнайы құттықтап, өздерінің ақ тілегін жаудырған.

"Мақпал туған күнің құтты болсын! Бақыт тілеймін, досым. Бұл әнді біздің замандастар жатқа біледі. Тіпті нокиа телефондардың қоңырауында да тұрған бір кездері" , - деп жазды Асхат Садырбай.
"Жаным туған күніңмен. Армандарың орындала берсін. Қалған тілекті жеке айтамын" , - деп жазды Дильназ Ахмадиева.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова бейтаныс азаматтың қолын ұстап тұрған фото жариялап, елді қызықтырып қойған болатын. Көпшілік отыздан асып кеткен әншінің сүйіктісін жолықтырғанын болжап, ол үшін аса қуанған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842057-makpal-isabekova-36-zaska-toldy-video/

pixel