RU

Әйгілі көне шаһарды араламақ болған турист тас астында қалып, мерт болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иорданияның көне Петр қаласын араламақ болған италиялық туристің үстіне тас құлап, оқиға орнында қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ riafan.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: gazeta.a42.ru

Фото: gazeta.a42.ru

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға Иордания еліндегі әлемдегі ең ғажайып жерлердің бірі саналатын көне Петр қаласында болған.

Елге саяхаттап барған 32 жастағы италиялық азамат көне қаланың қабырғаларынан құлап түскен тастың астында қалып, көз жұмыпты.

Өкініштісі, ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Көне Петр қаласы туристік кешені өкілдерінің айтуынша, қайғылы жағдайдың орын алуына жуырда қалада болған нөсер жауын себеп болуы мүмкін екен.

Айта кетейік, бұған дейін әдемі сурет үшін тәуекелге бел буып, өміріне қауіп төндірген турист жайлы хабарлаған едік.

Daily Mail басылымының мәліметінше, оқиға Рио-де-Жанейро қаласындағы Педра-да-Гавеа жартасында болған.

Онда суретке ерекше етіп түспек болған турист бойжеткен биік жартасқа мініп, одан сырғанап құлап кете жаздаған еді. Еске саларлығы құздың биіктігі 900 метрден асқан болатын.

Әйел адамның бұл әрекетін әлем жұртшылығы сынға алып, желіде қызу талқыға салған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі көне шаһарды араламақ болған турист тас астында қалып, мерт болды
Mailfire view pixel