Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Нұрғалиевтің өліміне кінәлілер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты атышулы істің үкімі оқылды. Қорықшы браконьерлердің шабуылынан соң қайтыс болған. Сот айыпталушы үш адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

егерь
Фото: NUR.KZ: Original

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот Қайрат Ақшанов, Берік Ахметов және Нұрлан Шүкілдіковті Қылмыстық кодекстің үш бабы, соның ішінде кісі өлімі бойынша кінәлі деп таныды. Олар өмір бойына бас бостандлығынан айыру жазасына кесілді. Жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

егерь
Фото: NUR.KZ: Original

Браконьерлікпен айналысты деп айыпталған тағы төрт адам алдағы алты жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Қайырбеков, Базаров, Әкімов, Мырзабаевтардың осы бап бойынша кінәсі дәлелденген. Олар орта режимдегі колонияға жіберіледі.

Сотталушылар 5 жылға аң аңлау құқығынан да айырылған.

Айта кетсек, мемлекеттік айыптаушы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысы барларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Прокурордың айтуынша, үш сотталушы адам өлтіріп, кісі өлтіруге оқталып, заңсыз аң аулағандары үшін осы жазаға лайықты.

Еске сала кетсек, өткен жылы Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданында браконьерлер шабуылынан инспектор Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бір тәуліктен астам уақыт күрескенімен, инспекторды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842061-erlan-nrgalievti-limine-kinliler-mir-bojyna-bas-bostandygynan-ajyryldy/

pixel