Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қатты боранда адасып кеткен ер адам қайтыс болды

Опубликовано:

Елордада осы аптада болған дүлей боран салдарынан, жолда қалып қойған 67 жастағы ер адам қайтыс болды. Зейнеткер Новокубанка және Белое Озеро ауылдарының ортасында қарлы боранның құрсауында қалып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 телеарнаға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Телеарнаның мәліметінше, жолда қалған зейнеткер көмекке адамдарды шақыру үшін жолға шыққан. Алайда діттеген мақсатына жете алмаған. Ер адамды іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне атсалысқан. Зейнеткерді арнайы техникамен де іздеген.

67 жастағы елордалық тұрғынның мәйіті тек келесі күні, көлігінен 5 шақырым жерде табылған.

Мамандардың айтуынша, сол күні қарлы боранның құрсауында 200-ден астам көлік қалып қойған. Полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен қарлы боранның құрсауынан 1000 адам құтқарылған.

Бұған дейін құтқарушылар тіпті қатты боран салдарынан адамдарды жоғалтып алмау үшін, оларды бір арқан бойына байлап бораннан алып шыққан еді.

Осылайша олар Ақмола облысы Ерейментау қаласынан 10 шақырым жерде қарлы боранда көліктерімен қалып қойған 20 адамды құтқарып алған.

Айта кетейік, еліміздің көптеген өңірлерінде осы аптада бұрқасын жел, қарлы боран болған еді. Салдарынан ел бойынша республикалық маңызы бар бірнеше тасжолдар жабылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842065-nr-sltanda-er-adam-katty-boranda-adasyp-kajtys-boldy/

pixel