RU

"Айнымай қалған": Ұлымен суретке түскен Асылхан Төлепов елді тәнті етті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов көпшілікке тұңғышын көрсеткеннен кейін онымен түскен фотоларын желіге жүктеуді әдетке айналдырған. Өнер иесінің атұстарымен түскен кезекті суреті парақшасында қызу талқыланып, елді сүйсіндірген. Бұл жолы жас жұлдыз халық назарына баласы екеуінің қызықты қылығы түсірілген сәтін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/assylkhantolepov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/assylkhantolepov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Төлепов аталмыш фотоны Instagram парақшасында бөліскен.

Суреттен актер мен ұлы саусақтарын аузына салып тұрғанын көруге болады.

Желідегілер әкесі мен баласына сүйсініп, бірден оларға қатысты өз пікірлерін қалдырып жатты. Олардың басым көпшілігі киножұлдыз бен атұстарының өзара қатты ұқсайтынын айтқан.

"Көз тимесін, МашАлла" , "Тәттісіңдер сондай" , "Алпамыс әкесінен айнымайды екен" , "Сіздің көшірмеңіз, кішкентай нұсқаңыз екен" , "Әкесі баласымен бала болып отыр ма?" , "Екеуің қатты ұқсайсыңдар" , "Сізден айнымай қалыпты", "Әйеліңізге мүлдем ұқсамапты" , "Қандай тәтті балақай" , "Үлкен азамат болсын, батыр болсын" , "Алпамыс анасына қарағанда, сізге қатты тартып кетіпт" , - деп жазудща көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Асылхан Төлеповтың жартылай жалаңаш фотосы желіде қызу талқыға түскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Айнымай қалған": Ұлымен суретке түскен Асылхан Төлепов елді тәнті етті (фото)
Mailfire view pixel