Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз туа бересің": 6 қыздың анасы өзімен қоса балаларын да ұратын күйеуі туралы айтты

Опубликовано:

Айсапар есімді шымкенттік әйел дүниеге 6 қыз әкелген. Алайда келіншектің сөзінше, ол алғашқы қызын босанғанда-ақ жары онымен бір ай сөйлеспей қойған. Ал кейінгі кездері, тіпті, балаларымен қоса соққының астына алатын болған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап.

"Қыз туа бересің": Алты қыздың анасы өзі мен балаларын ұрып соғатын күйеуіне шамданды
Көрнекі фото: vestikamaza.ru: UGC

Әйелдің сөзінше, күйеуі үшін қыз дүниеге келгенде әйелін ұрып-соғатын болған. Сол себепті келіншек әр кез қыз босанудан қорқып, Жаратқаннан ат шабар сұраған.

"Аяғым ауырлағанда осы жолы ұл болса екен деп, Құдайдан тілейтін болдым. Менде тіпті қыз табудан фобия пайда болды. Алғашқы қызымыз туғанда менімен сөйлеспей қойған күйеуім, үшінші қызымыз дүниеге келгенде перзентханадан шыға салып, соққы астына алды. Қазір ол қит етсе қыздарды ұрып-соға береді. Отбасымыздың шырқы бұзылды", - дейді күйінген Айсапар.

Күйеуінің соққысынан шаршаған әйел тіпті, оған екінші әйел алып беруге де дайын екен. Дегенмен, екеуі де жұмыс істемейтін ерлі-зайыптылар 6 қыздың жәрдемақысына ғана күн көріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, күйеуімен ажырасып, отбасылы адамға тоқал болған әйел сырын ақтарды.

Айтуынша, ол ер адамнан төртінші баласын дүниеге әкеліп, бүгінде тату-тәтті өмір сүруде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842071-kyz-tua-beresi-6-kyzdy-anasy-zimen-kosa-balalaryn-da-ratyn-kjeui-turaly-ajtty/

pixel