Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арқалықта 27 студент қызылша жұқтырды: Науқастардың жағдайы қалай

Опубликовано:

Қарағанды облысы, Арқалық қаласында 27 студент қызылшамен ауырып, ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

студенттер
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Арқалық қаласында қызылшаның 29 жағдайы тіркелген. Сырқаттанып қалғандардың 27-і – Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері.

"Барлық науқас Арқалық өңірлік ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Науқастарды оқшаулау және емдеу үшін жағдай жасалған. Ауыр науқастар жоқ, 12 науқас ауруханадан шығарылды. Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы үнемі жүреді. Қостанай облысында қызылшамен ауырған науқас соңғы рет 2019 жылдың шілде айында тіркелді", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Сәуле Манасқызы.

Қостанай облысының басқа өңірлерде қызылша тіркелмеген. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және Арқалық қалалық басқармасының мамандары эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Арқалық қаласы оқу орындарының студенттері арасында тиісті шара қабылданған. Қазіргі мәлімет бойынша 698 тұрғын егілді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан тұрғыны бір жасар қызының қызылша ауруына қарсы екпе салынғаннан бірнеше күн өткен соң көз жүмғанын мәлімдеген болатын. Алайда, дәрігерлердің ресми тұжырымына сәйкес, сәби жүрек жетіспеушілігінен көз жұмған.

Осыдан соң Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әзірге сәбидің нақты неден қайтыс болғаны, бұған екпе салынуының қатысы бар-жоғы белгісіз екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842076-arkalykta-27-student-kyzylsa-zktyrdy-naukastardy-zagdajy-kalaj/

pixel