RU

Бас прокуратура Аблязовқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас прокуратурасы қашқын Мұхтар Аблязовқа қатысты мәлімдеме жасап, еліміздің тұрғындарын сақ болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: kyrtag.kg

Фото: kyrtag.kg

Ведомсво Youtube желісіндегі парақшасында бұл туралы видео мәлімдеме жасады.

"Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы - экстремистік ұйым. Оны кім басқаратынын көпшілік біле бермейді. Жетекшісі - Мұхтар Аблязов. Оның арбауына түскен кейбір азаматтар, өкінішке қарай, оған зор сенім артады", - деді бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс.

Ол Аблязовтің қылмыстарын еске түсіріп өтті. Энергетика министрі кезінде жемқорлық жасағаны үшін 2002 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. 2005 жылы өзінің бизнес-серіктесі, БТА банктің төрағасы Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны ашық сотта дәлелденгенін жеткізді.

"Қылмыстары әшкереленген соң ол 2009 жылы Ресейде, кейін Англияда, 2012 жылы Францияда бас сауғалады. Шетелде жайлы өмір сүру үшін алдын-ала қаражатты оффшор арқылы елден шығарып алған", - деді Петерс.

Ресми өкілдің сөзінше, Аблязовтің алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар да зардап шегуде.

Сөз соңында Бас прокуратураның ресми өкілі Қазақстан азаматтарын арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.

"Бүгінде Аблязов халық мүддесін желеу етіп, жалған ұранмен азаматтарды заңсыз акцияларға үгіттеуін жалғастырып келеді. Ол сіздерді қоғамда әлеуметтік алауыздық және ұлтаралық қақтығысты тудыру үшін пайдалануда. Оған бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалтқанымыз тиімді. Аблязовтің көксегені - еліміздің тыныштығы, азаматтарымыздың амандығы емес, жеке басының мүддесі, мансабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді", - делінген үндеуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бұл мәселе бойынша ағайынға айтқым келеді, қазір жалпы біздің қоғамда ғана емес, әлем бойынша өтірік пен шын ақпаратты ажырату үлкен мәселе болып тұр. Кейбір топтар жалған ақпарат таратып, үлкен компаниялардың, жеке адамдардың тіпті, бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіріп жүргенін көріп жүрміз. Бірақ мұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады және мұндай мысалдар соңғы уақытта біздің елде де көбейіп келеді. Мұның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді", – деді ол "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұбатында.

Кейінірек Мұхтар Аблязов жақында әлеуметтік желілерде Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевтың парақшасында жарияланған арандатушылық сипаттағы посттарды өзі жазғанын мойындады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас прокуратура Аблязовқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Mailfire view pixel