Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судья Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты істің үкімін түсіндіре алмады (видео)

Опубликовано:

Бүгін, 21 ақпан Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты атышулы істің үкімі оқылды. Алайда сотталушылар жазаның әділетсіз екенін айтып, судьяға сөзін аяқтауға мұрша бермеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот залынан. Фото: NUR.KZ
Сот залынан. Фото: NUR.KZ: Original

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта сотталушылар Ерлан Нұрғалиевтің өліміне байланысты істің үкіміне қарсы шықты.

Қайрат Қасымов залдағы жаппай шудан үкімді түсіндіре алмады.

"Бұл әділетсіз әрі өте ауыр жаза. Істе қарама-қайшылықтар көп, бірақ судья оларды әдейі есепке алмай отыр",- деді өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қайрат Ақшанов.

Оның сөзін Нұрлан Шүкілдіков пен Берік Ахметов те қолдады. Залда отырған сотталушылардың жақындары мен туыстары әділетті үкім сұрап, дау тудырды.

Ал судья залдан кеткен соң сотталушылар қарауылдармен төбелесіп қала жаздады. Приставтар залды босатып, халықты тысқа шығаруға асықты.

Сотталушылардың бірінің қарындасы. Фото: NUR.KZ
Сотталушылардың бірінің қарындасы. Фото: NUR.KZ: Original

Сотталушылардың адвокаттары Ерлан Шолахов пен Сәбит Қалиақасов сот үкімімен келіспейміз деп отыр. Олар үкімге арыз түсірмек.

"Істе қарама-қайшылықтар, ҚПК айқын бұзушылықтары болды, бірақ сот оны назарға алмады. Біздің өтініштеріміз қанағаттандырылған жоқ. Барлығын көрдіңіздер ғой. Біз мұны көрнекі сот деп есептейміз. БАҚ пен қоғамдық даудың әсері болғандықтан, сот айыптауды толығымен қолдап, өте қатаң жаза шығарып отыр",- деді адвокат Ерлан Шолахов.

Үкімді естіген соң кінәлі азаматтардың туыстары көз жастарына ерік берді. Сотталушылардың бірінің қарындасы ағасын ақтамайтынын, бірақ істің қайта қаралуына қол жеткізетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін Ерлан Нұрғалиевтің өліміне кінәлілер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылы Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданында браконьерлер шабуылынан инспектор Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бір тәуліктен астам уақыт күрескенімен, инспекторды аман алып қалу мүмкін болмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842088-suda-erlan-nrgalievti-limine-katysty-isti-kimin-tsindire-almady-video/

pixel