Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәтуаға шақыру керек": Президент жұмада Әзірет-Сұлтан мешітіне барды (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Қазақстан Президенті бас мүфтиді  жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен  жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

"Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Тоқаев.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстары мен қайырымдылық шараларының жоспарын таныстырды. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік  және әділдік сияқты жеті рухани қазыққа негізделмек. 

Еске сала кетсек, ақпан айының бас жағында Қазақстанның бас муфтиі ауысқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1842098-ptuaga-sakyru-kerek-prezident-zmada-ziret-sltan-mesitine-bardy-foto/

pixel