RU

Зеленский иті үшін Уханьда қалған украиналық қызға телефон соқты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский иті үшін Қытайдың Ухань қаласында қалған украиналық Анастасия Зинченкоға телефон соқты. Ол қызды отанына қайтару процесі даярланып жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский. Фото: Украина президенті баспасөз қызметі. Анастасия Зинченко. Фото: Instagram

Владимир Зеленский. Фото: Украина президенті баспасөз қызметі. Анастасия Зинченко. Фото: Instagram

Телефонмен сөйлесу барысында Украина басшысы бұл жаңалықтан енді хабардар болғанын айтты. Зеленский аталған мәселе өз бақылауында екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Зинченко жақын арада Украинаға өз итімен бірге ораларына үміттеніп отыр.

Басылымның хабарлауынша, бойжеткенге итіне қатысты құжаттардағы белгісіз олқылықтарға байланысты Уханьнан шығуға рұқсат берілмеген.

Айта кетейік, 20 ақпандағы дерек бойынша, әлемнің 26 елінде коронавирустың 1076 жағдайы тіркелген. Қауіпті кеселден 7 адам қайтыс болған. Мұндай деректі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасаған РИА Новости ұсынып отыр.

Коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі қазір Жапонияда тұрған Diamond Princess лайнерінде тіркелген. Ол қазір карантинге жабылды.

Лайнер бортынан Қазақстанның 4 азаматы шыға алмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің азаматтары бар.

20 ақпан күні Денсаулық сақтау министрлігі лайнердегі екі қазақстандықта коронавирус анықталмағанын мәлімдеді. Ал екі отандасымыздың нәтижесі әзірге белгісіз.

21 ақпан күні әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайды бақылайтын Coronavirus COVID-19 Global Cases онлайн-дайджестінің мәліметіне сәйкес, Қытайда мен дүние жүзінде аталған дертті жұқтырғандар саны 76,1 мың адам болды.

Коронавирустан 2247 адам көз жұмып, 18,1 мың адам айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Зеленский иті үшін Уханьда қалған украиналық қызға телефон соқты (видео)
Mailfire view pixel