RU

Bek Air ұшағы соқтығысқан үйдің иесі: 12 адам өлімінің кінәсін маған арту

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Талғар аудандық сотында ұшақ соқтығысқан үйдің иесіне қарсы Bek Air түсірген шағым бойынша соттың алдын ала тыңдауы өтпей қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

самолет

Үй иесі Ришат Қалибек. Фото: zakon.kz

Тыңдалымға келген Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов арыз жазғандағы басты мақсатының не екенін айтты.

"Құрылысты заңсыз деп тану. Біздің талабымыз осы. Сот отырысы кейінге шегерілгендіктен, өтемақы жайлы сұрақты ашық қалдырайық", - деді ол.

Өз кезегінде ұшақ құлаған үй иесі Ришат Қалибек компанияға қарсы шағым түсірмек ниетте екенін мәлімдеді.

"Жер телімін заңды сатып алғандықтан, мен олардың талабымен келіспеймін. Қарсы шағым түсіруге дайындалып жатырмын. Мұны қорғаушымен талқылаудамын. Біріншіден, олар менің адам ретінде құқығымды бұзып отыр. Екіншіден, өтемақы төлеуден қашып, мені сотқа беруде. Моральдық және материалдық шығынға шағым түсіретін боламын", - деді Ришат Қалибек.

Қалибектің айтуынша, ол әуе компаниясын сотқа бермей, Талғар ауданы әкімдігі келтірілген шығынын өтейді деп күтіпті.

"Мен заңгерлермен сөйлесіп жатырмын. Олардың мақсаты - үйді заңсыз деп танып, сосын мені сотқа беріп, 12 адам өлімінің кінәсін маған арту. Өздерінің шіріген ұшақтарының құлағанына жауап берудің орнына менің үйімді қиратып, тағы мені сотқа берді", - дейді Қалибек.

Еске сала кетсек, бұған дейін 27 желтоқсан күні Bek Air ұшағы құлаған үйдің иесін компанияның сотқа бергені белгілі болған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Bek Air ұшағы соқтығысқан үйдің иесі: 12 адам өлімінің кінәсін маған арту
Mailfire view pixel