Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аз ұйықтаудың адам ағзасына зияны қандай

Опубликовано:

Ел арасында аз ұйықтаған тарихи тұлғалар туралы аңыз-әңгімелер көп таралған. Наполеон Бонапарт, Александр Македонский, Леонардо да Винчи сияқты әйгілі тұлғалар "екі-үш сағат қана көз шырымын алып, көптеген жетістікке жеткен" деген мысалдарды жиі еститініміз рас. Бұл кейбір жандар үшін "аз ұйықтауға болады екен" түсінігін қалыптастыру мүмкін. Шын мәнісінде медицина саласы бекіткен нормадан аз ұйықтау дұрыс па? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ Massaget сайтына сілтеме жасап жауап беріп көрмек.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Depositphotos

Ресей Ғылым Академиясының нейрофизиология институтының зертхана жетекшісі Владимир Дороховтың пікірінше, аз ұйқы адам ағзасына үлкен зиянын тигізеді және тарихи тұлғалар көп ұйықтамаған деп, оларға еліктеу ақылға қонымсыз.

Себебі біріншіден, олар күніне 4-5 сағат ұйықтаған дегенді әлі ешкім дәлелдеген емес. Бұл жай ғана аңыз-әңгіме, тұлғаның "тұлғалығын" арттыру үшін жасалған образ болуы да мүмкін.

"Наполеон, Александр Македонский, Черчилль, Маргарет Тэтчер аз ұйықтаған адамдар дейді. Бұлардың арасында тек Тэтчердің ғана аз ұйықтағаны дәлелденген. Өйткені Тэтчер – гені бөлек адам, аз ұйқыға бейімделген ген. Мұндай адамдар 4 сағат ұйықтап, ағзасын қалпына келтіріп алады. Алайда ондай генді басқа адамдардан табу өте қиын. Сол себепті Маргарет Тэтчерге еліктеудің еш қажеті жоқ. Бұл қасқыр мен итті салыстырумен бірдей факт. Екеуінің гені бір-біріне мүлдем ұқсамайды", - дейді ғалым.

Дороховтың сөзінше, ұйқысы азайған адамның денсаулығы да нашар болады.

Тіпті, өлімге апаруы мүмкін. Сонымен қатар аз ұйықтаған адамның өмірі 10-15 жылға дейін қысқарады екен.

Маманның айтуынша, сонымен қатар аз ұйқы ағзаның бұзылуына да әсер етуі мүмкін. Бұ өз кезегенде семіру, диабет, жүрек ауру сынды патологияға әкелуі ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін тез ұйықтауға көмектесетін тағамдар жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842116-az-jyktaudy-adam-agzasyna-ziany-kandaj/

pixel