RU

Алматыда таксист пен жолаушының төбелесі видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Куәгерлер 20 ақпан күні Әуезов ауданында болған төбелесті видеоға түсіріп алған. Кадрда жүргізуші мен жолаушының текетіресі бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасап.

Алматыда таксист пен жолаушының төбелесі видеоға түсіп қалды

Фото: Видеодан кадр

Ролики Instagram-дағы kris.p.online парақшасында пайда болды.

Видеода бірнеше ер адамның көшеде жүгіріп жүргенін, ал олардың бірінің күрекке ұқсас затты сермеп жатқаны байқалған.

Ер адамдар оқиға орнына тәртіп сақшылары келгенде ғана тарай бастаған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде бұл оқиғаға қатысты пікір білдірілді.

Анықталғандай, 102-ге қоңырау түспеген, себебі жақын маңайда учаскелік инспектор жүрген.

Белгілі болғандай, жүргізуші мен жолаушы арасында төлемге байланысты дау туындап, арты төбелеске ұласқан.

"Екеуі де полиция бөлімшесіне жеткізілді, жауап алынды. Қазіргі уақытта учаскелік инспектор материалдарды жинады. Ол таксист пен жолаушының іс-әрекетіне құқықтық баға береді", - деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ ведомствода ешкімнің дене жарақатын алмағанын атап өтті. Ер адамдар бір-біріне қарсы шағым түсіруден бас тартқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда таксист пен жолаушының төбелесі видеоға түсіп қалды
Mailfire view pixel