RU

Ерке Есмахан: Қайсысы дос, қайсысы жау екенін ажырата алмайтын болдық

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан қасында сыйласып жүрген адамдардың өзі туралы жағымсыз әңгімелер айтып жүргенін меңзеді. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде айналасындағылардан кімнің шынайы дос, кімнің қас екенін ажырата алмай қалғанын күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, желі қолданушыларын ойландырып қойды. Өнер иесі бүгінгі күні кімге сенерін білмей қалғанын жеткізді. Ол қасында араласып, сыйласып жүретін жандардың да сатып кетуі мүмкін екенін айтты.

"Адам тірі жүргенде, оның соңынан еріп жүретін өсек-әңгімелер бітпейтін шығар, иә? Қазіргі заманда қасыңда, араласып, сыйласып жүрген жандардың қайсысы дос, қайсысы жауың екенін ажырата алмайтын болдық қой! Жарайды, бәріне бір Алла жар болсын, мен ештеңені ойламай ұйықтай берейінші" , - деді Ерке Есмахан.

Желідегілер өз кезегнде шоу-бизнес сылқымына қолдау білдіріп, көпшілікке сене бермеуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өзін Роналдумен жұп қыламын деп желіде күлкіге қалған болатын. Әнші ару фотошоптың көмегімен өз басын футболшының бұрынғы сүйіктісі, ресейлік супермодель Ирина Шейктің денесіне жалғап қойған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерке Есмахан: Қайсысы дос, қайсысы жау екенін ажырата алмайтын болдық
Mailfire view pixel