Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қазақстандық миллиардермен кездесті

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Ақордада Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені, сондай-ақ, Ecojer Қазақстан өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрағасы Лаззат Рамазановамен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев қазақстандық миллиардермен кездесті
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Кездесу барысында Ләззат Рамазанова мемлекет басшысына "EcoJer" қауымдастығының жұмысы, өнеркәсіп орындарының ауа сапасын ластауын төмендетуге бағытталған технологияларды әзірлеу және енгізу жайында айтқан.

Сонымен қатар жаңа Экологиялық кодекс жобасының негізгі ережелері талқыланды. Оны дайындауға қоғамдық бірлестіктер белсене атсалысқан.

Президент экологиялық заңнаманы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігіне тоқталды.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе президентке цифрлық қызмет көрсету сервисінің және тиісті экожүйенің даму стратегиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы электронды коммерцияның өсу перспективалары туралы баяндады.

Әсіресе компанияның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі жоспарына ерекше мән берілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысына Kaspi.kz компаниясының акцияларын алдағы уақытта Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының алаңдарына ашық түрде орналастыруға дайындық жайы айтылды. 

Президент қазақстандық банктің жұмысына техникалық инновацияларды енгізудің маңызды екенін атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842159-tokaev-kazakstandyk-milliardermen-kezdesti/

pixel