RU

Масанчиде ақсақалды ұрды деген күдікті ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер минисрі Ерлан Тұрғымбаев Масанчиде ақсақалға қол көтерген адамның ұсталғанын мәлімдеді. Тергеу нұсқасы бойынша, осы оқиға жергілікті тұрғындардың арандауына себеп болған, салдарынан Қордай ауданындағы елді мекендерде жаппай төбелес орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төлеген Құдашбаев. Фото: facebook.com/mukhtar.taizhan

Төлеген Құдашбаев. Фото: facebook.com/mukhtar.taizhan

Сенаттағы ішкі істер министрлігін реформалау бойынша үкімет сағатының барысында аталған мәселені депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед көтерді.

"Қордайда болған жағдай, әрине бұлай болмауы керек еді. Өйткені, негізінен бұл азаматтар – қылмыскерлер. Сол қылмыскерлер табылды ма?", – деп сұрады депутат ішкі істер министрінен.

Ол сондай-ақ ақсақалға қол көтеру фактісін сынға алды.

"Ақсақалға қол көтерген адамдар ұсталды ма?", – деп сұрады халық қалаулысы.

Өз кезегінде министр бүгінде Қордайдағы жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. Қазіргі таңда бұл ауданда жаңа қылмыстар тіркелмеген.

"Полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адам табылып, қамауға алынды. Бір-екі аптада олардың істері сотқа жіберіліп, сонда қаралады. Ақсақалға қол көтерген адам да ұсталды. Ол ертесіне қолға түсті. Медициналық сараптама аяқталған соң, бір-екі аптадан кейін іс сотқа жіберіледі", – деді Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам мерт болды.

18 қаңтарда бас прокуратура Қордай ауданында тәртіп сақшыларына қарсы күш қолдану ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеп, үш адамның ұсталғанын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Масанчиде ақсақалды ұрды деген күдікті ұсталды
Mailfire view pixel