RU

Карелияда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карелиядағы Сегежск ауданындағы елді мекеннің үсітенен метеорит ұшып өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресей астрономиялық және геодезиялық қауымдастығының вице-президенті Сергей Смирновтың сөзіне қарағанда, метеорит тұрғындарға қауіп төндірмеген.

Себебі аспан денесі атмосфераның тығыз қабаттарынан өткен кезде жылдамдығын жоғалтып, бөлшектерге бөлініп кетеді.

Карелиядағы Сегежск ауданында метеориттің құлаған сәті "Ситилинк" компаниясының камерасына түсіп қалған. Кадрларда аспан денесінің жоғары жылдамдықпен елді мекеннің үстінен ұшып өткені көрінеді.

Алты секунд уақытқа жуық жалғасқан құбылыс жергілікті уақытпен 04.35-те тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, аспан денесі құлағанда қатты соққының даусы шыққан.

"Метеорит елді мекенге қауіп төндірмеген. Атмосфераның тығыз қабаттарынан өткен кезде аспан денесінің жылдамдығы жоғалып, бөлшектерге бөлініп кетеді", – дейді маман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында зымыран сынығы құлағаны хабарланған.

Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыран екені анықталған.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысынан да зымыран қалдықтары табылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карелияда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Mailfire view pixel