RU

Қытай түрмелерінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр

Қытай түрмелерінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Мұндай ақпаратты ҚХР-дың Әділет министрлігі растаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ұытайй
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

РИА Новостидің жазуынша, аспан асты елінде 500-ден астам сотталушылар инфекция жұқтырған. Қытайдың Әділет министрі Хэ Пиннің айтуынша, індет жұқтыру дерегі Хубэй, Шаньдун және Чженцзяндағы бес түзеу мекемесінде тіркелген.

Вирус анықталған сотталушылар емделу үстінде. Қазіргі уақытта түзеу мекемелерінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар жоқ.

Чжэцзян түрмесінде 34 адам, Шаньдун түрмесінде 200 сотталушы мен қауіпсіздік қызметінің жеті қызметкері коронавируспен ауырса, тағы 271 жағдай Хубэй провинциясында тіркелген.

Еске сала кетсек, 21 ақпан күні әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайды бақылайтын Coronavirus COVID-19 Global Cases онлайн-дайджестінің соңғы деректеріне сәйкес, Қытайда коронавирустан 2247 адам қайтыс болып, 76,1 мың адам дерт жұқтырған. Ал аспан асты елінен тыс мемлекеттерде вирус жұқтырғандар саны 1070- тен асып кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842177-kytaj-trmelerinde-koronavirus-zktyrgandar-kbejip-zatyr.html