RU

Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сапарбаевв

Рүстем Дәулет. Фото: zhambyl.gov.kz

Бұл туралы Жамбыл облысының ресми сайтында хабарланған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев  жаңа әкімді аудан активіне таныстырды.

Өңір басшысы жаңа әкімге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

"Біз аудандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды қолға алдық.  Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Заңды  бұзғандар заң алдында жауап береді", - деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын бақылауға алу, білім беру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, жастар арасында тәрбие жұмысын күшейту  тиісті бойынша шаралар қабылдау тапсырды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев аудан тұрғындарын алып-қашпа әңгімелер мен арандатушылыққа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуға шақырды.

Еске сала кетсек, Қордайда 7 ақпан күні жаппай тәртіпсіздік орын алып, салдарынан 11 адам мерт болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Mailfire view pixel